Білім беру жүйесіндегі негізгі құндылықтар
І. ҚР Мемлекеттік жастар саясаты туралы заңға сәйкес жас болып танылу шегі 35 жасқа дейін ұзартылып, еліміздегі жастар саны бұрынғы 3,7 миллионнан 6 млн дейін көбейді. Енді жастар болып 14 пен 35 жас аралығындағы азаматтар саналады. Яғни осы санатта орта мектеп деңгейінде соңғы кезде ел бойынша жаппай бұқараға жеткізіліп жатқан өрескел бұзақылық, зорлық-зомбылық акторлары да бар.