Жаңа азаматтық бірегейлікке апаратын жол
Этносаралық интеграция – этностық топтарды бір жүйеге жақындату және біріктіру процесі, этносаралық қатынастардың позитивті нысаны ретінде субъектілер арасындағы өзара қатынастардың үйлесімділігі қолдау табады, ол өзінің этностық мәдениетін сақтай отырып, әртүрлі этностардың неғұрлым ірі қауымдастықтарға бірігуіне мүмкіндік береді. Интеграцияға қоғамның әлеуметтік-саяси, мәдени құраушыларына қайшы келмейтін мақсатты іс-қимылдар арқылы қол жеткізіледі.