"Этникалық қауымдастықтардың әйелдері азаматтық және этникалық бірегейлікті қалыптастыру және жаңғырту арналары ретінде" тақы
5 сәуір күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті аясында жүзеге асырылып отырған «Ғылым декадасы» шеңберінде Әлеуметтану кафедрасының ұйымдастыруымен «Этникалық қауымдастықтардағы әйелдер азаматтық және этникалық бірегейлікті жандандыру мен қалыптастырудың каналы ретінде (Түркістан облысы мен Шымкент қаласы мысалында)» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Екі тілде ұйымдастырылған дөңгелек үстелде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранты аясында әзірленген зерттеу нәтижелерінің презентациясы жасалды.