Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты
толығырақ

Қызмет түрлері

Серіктестік қызметінің негізгі мақсаты: этносаралық қатынастар, қоғамдық келісім және бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты талдамалық, зерттеу және сараптамалық сүйемелдеу болып табылады.

Көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін Серіктестік мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) жалпыұлттық келісім мен жалпыұлттық бірліктің мемлекеттік саясаты саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын, талдамалық және әлеуметтік зерттеулерді жүргізу және ұйымдастыру;

2) зерттеу этносаралық қатынастар саласын, әлеуметтік-экономикалық жағдайға, Қазақстан этностарының талдау жүргізу, олардың қазіргі жай-күйін, олардың өсіп-көбеюін болжау және оларды жетілдіру жөніндегі ұсынымдамаларды пысықтау;

3) жалпыұлттық келісім мен бірліктің мемлекеттік саясаты саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

4) мемлекеттік басқару органдары, қоғамдық және халықаралық ұйымдар үшін Этносаралық және этноконфессиялық мәселелер бойынша консультациялық қызметтер көрсету;

5) мемлекеттік органдар мен ұйымдар өткізетін ғылыми-зерттеу гранттық конкурстарға және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобаларына қатысу;

6) этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласында ғылыми, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық әдебиет әзірлеу;

7) ғылыми еңбектерді (мақалалар, монографиялар, оқу құралдары және т.б.) шығару;

8) жалпыұлттық келісім мен жалпыұлттық бірліктің мемлекеттік саясатын іске асыру мәселелері бойынша ақпарат және тәжірибе алмасу жөніндегі ғылыми конференцияларға, дөңгелек үстелдерге және өзге де іс-шараларға, білім беру іс-шараларына (семинарларға, тренингтерге) қатысу және өткізу;

9) этносаралық және этноконфессиялық салаға қатысты нормативтік құқықтық актілерді ғылыми-сараптамалық сүйемелдеу;

10) этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу, жалпыұлттық келісім мен бірліктің мемлекеттік саясаты, мемлекеттік басқару саласында отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу, оқу және баспа ұйымдарымен ынтымақтастық, тағылымдамалар, симпозиумдар, конференциялар, форумдар, семинарлар және өзге де іс-шараларды бірлесіп өткізу.

11) этно медиативтік практикаларды ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ кәсіби этно медиаторлар мен келіссөз жүргізушілерді даярлау;

12) серіктестік қызметінің негізгі бағыттары бойынша оқыту іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу.

Жаңалықтар