Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 мамырдағы № 262 Қаулысымен құрылды. Институт этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты талдамалық, зерттеу және сараптамалық қолдауды жүзеге асырады.
Институттың негізгі міндеттері:
- этностардың, әлеуметтік-саяси процестердің жай-күйі мен динамикасының тұрақты мониторингі;
- этносаралық саладағы жағдайды зерттеу, болжамдық бағалау мен қатерлерді анықтау; этнодемографиялық және этноэкономикалық даму процестерін зерттеу;
- этносаралық шиеленістер мен қақтығыстарды ерте ескертудің кешенді жүйесін қалыптастырудың этносаралық саясатын ғылыми-әдістемелік қолдау;
- зерттеу және ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жүйелеу және үйлестіру;
- дәйектілік пен сабақтастықты қамтамасыз ету, этносаралық қатынастар саласындағы кешенді талдамалық және болжау қызметінде бірыңғай тәсілдерді қалыптастыру.