Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты
толығырақ

Жергілікті деңгейдегі этномедиаторларды дайындау және далалық этномедиаторлар пулын қалыптастыру бойынша семинар-тренингті Ал

Жергілікті деңгейдегі этномедиаторларды дайындау және далалық этномедиаторлар пулын қалыптастыру бойынша семинар-тренингті Ал
2023 жылғы 17-21 шілдеде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің тапсырысы бойынша Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының Этномедиация орталығы жергілікті деңгейдегі этномедиаторларды дайындау және далалық этномедиаторлар пулын қалыптастыру бойынша келесі 5 күндік семинар-тренингті өткізді.

Халықаралық және отандық тренердердің қатысуымен өткен іс-шара барысында қатысушылар конфликтологияның базалық негіздерін, этномедиация негіздерін, этномедиатордың құзыретін, этносаралық шиеленісті жою тәсілдерін, гарвард келіссөздер мектебінің қадамдық негіздерін және т. б. қарастырды.

Жетысу, Алматы облыстары мен Алматы қаласының бюджеттік ұйымдары мен азаматтық қоғамының 30-дан астам өкілі белсенді қатысты.

Редактор ИПЭИ

Жаңалықтар