Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты
толығырақ

Астанада этномедиация бойынша семинар-тренингтің екінші кезеңі өтті.

Астанада этномедиация бойынша семинар-тренингтің екінші кезеңі өтті.

2026 жылғы 9–11 қараша аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің тапсырысы бойынша Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының Этномедиация орталығы этномедиация бойынша семинар-тренингтің екінші кезеңін өткізді.

Іс-шараға Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласынан жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының, «Қоғамдық келісім» КММ-нің, білім беру мекемелері мен азаматтық сектор өкілдері қатысты.

Үш күндік семинар-тренинг бағдарламасы аясында теориялық білім мен практикалық дағдыларды ұштастыратын интерактивті оқыту форматы қолданылды.

Бірінші күні қатысушылар Қазақстан контексіндегі менталдық кодтар мен мәдени нормалармен танысып, сондай-ақ коммуникацияның вербалды емес технологияларын қарастырды. 

        

Екінші күн этномедиация орталықтарының қызметіне, олардың әдістемелік базасы мен практикалық құралдарына шолу жасауға арналды. Сонымен қатар этномедиациялық тәжірибелер, мультикультурализм және саяси әдептілік мәселелері талқыланып, Қазақстан этностары арасындағы келіспеушіліктер мен өзара жақындасу нүктелерінің семантикалық картасы ұсынылды.

Үшінші күні «Этномедиациялық практиканы модельдеу» тақырыбында практикалық жұмыс өткізілді. Оның барысында қатысушылар алған білімдері мен дағдыларын практикалық жұмыстар негізінде пысықтап, модельденген жағдайларға талдау жасады және оларды реттеудің ықтимал тәсілдерін талқылады. Семинар қорытындысын шығарып, қатысушыларға сертификаттар табыстаумен аяқталды.

     

Осындай оқыту іс-шараларын өткізу этносаралық қатынастар саласындағы мамандардың кәсіби әлеуетін дамытуға, тиімді жұмыс істеу үшін қажетті практикалық дағдыларды қалыптастыруға, сондай-ақ Қазақстандағы этномедиаторлар қауымдастығын кеңейтуге ықпал етеді.

    

Редактор ИПЭИ

Жаңалықтар