Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты
толығырақ

Шымкент қаласында этномедиация негіздеріне арналған бес күндік семинар-тренинг өтті.

Шымкент қаласында этномедиация негіздеріне арналған бес күндік семинар-тренинг өтті.

2026 жылғы 5–9 қазан аралығында Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің тапсырысы бойынша Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының Этномедиация орталығы этномедиацияның негізгі қағидаттарын оқытуға арналған бес күндік семинар-тренинг өткізді.

Семинар-тренинг этносаралық шиеленіс ошақтарын жедел анықтауға, уақтылы әрекет етуге және қажет болған жағдайда туындаған дауларды оқшаулауға қатысуға қабілетті далалық этномедиаторлар пулын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шараға Алматы, Жетісу облыстары мен Шымкент қаласынан «Қоғамдық келісім» КММ, этномәдени бірлестіктердің, атқарушы және құқық қорғау органдарының, білім беру ұйымдары мен қоғамдық институттардың 30-дан астам өкілі қатысты.

Бес күн ішінде қатысушылар этномедиацияның теориялық негіздері мен практикалық құралдарын меңгерді. Бағдарлама аясында этносаяси сауаттылық, этносаралық қақтығыстардың табиғаты мен ерекшеліктері, этномедиатордың құзыреттері, сондай-ақ жанжалды жағдайлардың алдын алу және оларды реттеу әдістері қарастырылды.

Осындай оқыту іс-шараларын өткізу мамандардың кәсіби әлеуетін нығайтуға, далалық этномедиаторлар желісін дамытуға және этносаралық шиеленістердің алдын алу тетіктерін жетілдіруге ықпал етеді. Семинар барысында алынған білім мен практикалық дағдылар қоғамдық келісімді нығайту, этносаралық тұрақтылықты сақтау және Қазақстанда сындарлы диалог мәдениетін дамыту бағытындағы одан арғы жұмыста қолданылатын болады.

 

 

 

Редактор ИПЭИ

Жаңалықтар