Вебинардың мақсаты Қазақстанда этносаралық саясатты дамыту үшін әдістемелік материалдарды пайдаланудың негізгі аспектілерін түсіндіру болды.
Қатысушыларға 2025 жылғы әдістемелік құралдар таныстырылды: «Этникалық топтар қатысатын қақтығыстардың алғышарттары: кейстер, талдау, шешім», «Этносаясатты ғылыми-сараптамалық сүйемелдеудегі жасанды интеллект» және «Этностық топтар арасында жұмысшы мамандықтарын танымал ету тәсілдері».
Вебинар тәжірибе алмасу және қоғамдағы этносаралық үйлесімділік пен өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал ететін өзекті мәселелерді талқылау үшін маңызды тұғырнамаға айналды.
Айта кетейік, іс-шараға орталық және жергілікті мемлекеттік билік органдары өкілерінен 200-ден астам адам қатысты.