Institute of Applied Ethnopolitical Research
more

Әдістемелік құралдары таныстырылды

Әдістемелік құралдары таныстырылды
2025 жылдың 28 қарашасында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің қолдауымен Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты ағымдағы жылдың әдістемелік құралдарын таныстыру бойынша вебинар өткізді.

Вебинардың мақсаты Қазақстанда этносаралық саясатты дамыту үшін әдістемелік материалдарды пайдаланудың негізгі аспектілерін түсіндіру болды.

Қатысушыларға 2025 жылғы әдістемелік құралдар таныстырылды: «Этникалық топтар қатысатын қақтығыстардың алғышарттары: кейстер, талдау, шешім», «Этносаясатты ғылыми-сараптамалық сүйемелдеудегі жасанды интеллект» және «Этностық топтар арасында жұмысшы мамандықтарын танымал ету тәсілдері».

Вебинар тәжірибе алмасу және қоғамдағы этносаралық үйлесімділік пен өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал ететін өзекті мәселелерді талқылау үшін маңызды тұғырнамаға айналды.

Айта кетейік, іс-шараға орталық және жергілікті мемлекеттік билік органдары өкілерінен 200-ден астам адам қатысты.

Редактор ИПЭИ

News