Отырыс аралас форматта өтіп, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА Хатшылығының меңгерушісі М.А. Әзілханов төрағалық етті. Іс-шараға ҚР Парламентінің депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ ғылыми және сарапшылық қауымдастықтың мүшелері қатысты.
Күн тәртібі аясында құрылым қызметінің негізгі бағыттары қарастырылды. Қатысушылар алдағы кезеңге арналған Жоспар мен тақырыптық бағыттарды талқылап, Этносаралық тұрақтылық тәуекелі индексін есептеу әдістемесінің таныстырылымын тыңдады.