Institute of Applied Ethnopolitical Research
more

Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымның алғашқы отырысы өтті

Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымның алғашқы отырысы өтті
2025 жылғы 4 шілдеде Астана қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті. Бұл құрылым Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында жариялаған тапсырмасына сәйкес құрылған.

Отырыс аралас форматта өтіп, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА Хатшылығының меңгерушісі М.А. Әзілханов төрағалық етті. Іс-шараға ҚР Парламентінің депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ ғылыми және сарапшылық қауымдастықтың мүшелері қатысты.

Күн тәртібі аясында құрылым қызметінің негізгі бағыттары қарастырылды. Қатысушылар алдағы кезеңге арналған Жоспар мен тақырыптық бағыттарды талқылап, Этносаралық тұрақтылық тәуекелі индексін есептеу әдістемесінің таныстырылымын тыңдады.

Редактор ИПЭИ

News