Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты
толығырақ

«Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобының отырысы өтті

«Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобының отырысы өтті
25 ақпанда «Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобының «Полиэтникалық Қазақстан: этномәдени генезис» тақырыбындағы отырысы өтті.

Отырысты модератор ретінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Нурия Исмагиловна Ниязова жүргізді. Іс-шара барысында этносаралық саладағы мемлекеттік саясатты іске асыру, Ұлттық Құрылтай рөлі және бірлікті нығайтудағы бұқаралық ақпарат құралдарының маңызы талқыланды.

Баяндама жасағандар қатарында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, сондай-ақ ғылыми-сарапшылық қауымдастық өкілдері болды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық базасын дамыту туралы Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты директордың орынбасары, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің төрағасы, әлеуметтану ғылымдарының докторы Айгүл Кәкімбекқызы Садвокасова баяндама жасады.

Отырыс сұрақ-жауап сессиясымен және модератордың қорытынды сөзімен аяқталды.

 

Редактор ИПЭИ

Жаңалықтар