Отырысты модератор ретінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Нурия Исмагиловна Ниязова жүргізді. Іс-шара барысында этносаралық саладағы мемлекеттік саясатты іске асыру, Ұлттық Құрылтай рөлі және бірлікті нығайтудағы бұқаралық ақпарат құралдарының маңызы талқыланды.
Баяндама жасағандар қатарында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, сондай-ақ ғылыми-сарапшылық қауымдастық өкілдері болды.
Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық базасын дамыту туралы Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты директордың орынбасары, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің төрағасы, әлеуметтану ғылымдарының докторы Айгүл Кәкімбекқызы Садвокасова баяндама жасады.
Отырыс сұрақ-жауап сессиясымен және модератордың қорытынды сөзімен аяқталды.