Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты
толығырақ

"Этномедиация орталықтарының жұмысын ұйымдастыру" тақырыбында семинар-тренинг өткізілді

"Этномедиация орталықтарының жұмысын ұйымдастыру" тақырыбында семинар-тренинг өткізілді
2024 жылғы 25-29 қарашада Астана қаласында Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының Этномедиация орталығы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің тапсырысы бойынша өңірлік "Қоғамдық келісім" КММ жанындағы этномедиация орталықтарының үйлестірушілері үшін "Этномедиация орталықтарының жұмысын ұйымдастыру" тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

Семинар-тренинг жедел режимде этносаралық қақтығысты анықтауға, уақтылы әрекет етуге және қажет болған жағдайда туындайтын дауларды оқшаулауға қатысуға қабілетті далалық этномедиаторлар пулын қалыптастыру мақсатында өткізіледі.
Іс-шараға 14 өңірден: Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан, Абай, Жетісу, Ұлытау, Алматы, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан облыстарынан "Қоғамдық келісім" өңірлік КММ этномедиация орталықтарының 16 кординаторы белсенді қатысты.

Редактор ИПЭИ

Жаңалықтар