Семинар-тренинг жедел режимде этносаралық қақтығысты анықтауға, уақтылы әрекет етуге және қажет болған жағдайда туындайтын дауларды оқшаулауға қатысуға қабілетті далалық этномедиаторлар пулын қалыптастыру мақсатында өткізіледі.
Іс-шараға 14 өңірден: Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан, Абай, Жетісу, Ұлытау, Алматы, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан облыстарынан "Қоғамдық келісім" өңірлік КММ этномедиация орталықтарының 16 кординаторы белсенді қатысты.