Семинар қоғамдық келісімді нығайтуға және ақпараттық мәдениет деңгейін көтеруге бағытталды. Шара барысында жалған ақпараттың таралуына қарсы тұру және этносаралық қатынастар туралы халықты ақпараттандырудың ерекшеліктері мен жауапкершілігіне қатысты түсіндіру жұмыстарын күшейту шаралары талқыланды.
Киберкеңістіктегі қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Технологиялардың дамуын ескере отырып, қатысушылар жалған деректердің таралуын болдырмау және азаматтардың ойланбай жасайтын әрекеттерін арандатуға жол бермеу қажеттілігін атап өтті. Олар бұл қоғамдағы тұрақтылық пен үйлесімді сақтаудың ең маңызды міндеттерінің бірі деген ортақ пікірге келді.