Institute of Applied Ethnopolitical Research
more

Түркістанда «Киберкеңістікте ақпарат тұтыну мәдениеті» тақырыбында «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырған семинар өтті

Түркістанда «Киберкеңістікте ақпарат тұтыну мәдениеті» тақырыбында «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырған семинар өтті
2024 жылдың 22 қазанында Түркістанда «Киберкеңістікте ақпарат тұтыну мәдениеті» тақырыбында «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырған семинар өтті. Іс-шараға Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директорының орынбасары Айгүл Садвоқасова қатысты.

Семинар қоғамдық келісімді нығайтуға және ақпараттық мәдениет деңгейін көтеруге бағытталды. Шара барысында жалған ақпараттың таралуына қарсы тұру және этносаралық қатынастар туралы халықты ақпараттандырудың ерекшеліктері мен жауапкершілігіне қатысты түсіндіру жұмыстарын күшейту шаралары талқыланды.

Киберкеңістіктегі қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Технологиялардың дамуын ескере отырып, қатысушылар жалған деректердің таралуын болдырмау және азаматтардың ойланбай жасайтын әрекеттерін арандатуға жол бермеу қажеттілігін атап өтті. Олар бұл қоғамдағы тұрақтылық пен үйлесімді сақтаудың ең маңызды міндеттерінің бірі деген ортақ пікірге келді.

Редактор ИПЭИ

News