Іс-шараның мақсаты жергілікті деңгейдегі этномедиаторларды дайындау және этносаралық шиеленісті жедел режимде анықтауға, уақтылы әрекет етуге және туындаған дауларды оқшаулауға қатысуға қабілетті далалық этномедиаторлар пулын қалыптастыру болып табылады.
Халықаралық және отандық тренердердің қатысуымен өткен іс-шара барысында қатысушылар конфликтологияның базалық негіздерін, этномедиация негіздерін, этномедиатордың құзыретін, этносаралық шиеленісті жою тәсілдерін, гарвард келіссөздер мектебінің қадамдық негіздерін және т. б. қарастырды.
Шымкент қаласы, Түркістан және Жамбыл облыстарының бюджеттік ұйымдары мен азаматтық қоғамының 20-дан астам өкілі белсенді қатысты.