Institute of Applied Ethnopolitical Research
more

Түркістан қаласында семинар-тренинг өтті

Түркістан қаласында семинар-тренинг өтті
2024 жылғы 10-14 маусымда Түркістан қаласында Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының Этномедиация орталығы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің тапсырысы шеңберінде этномедиацияның базалық негіздерін оқыту бойынша 5 күндік семинар-тренинг өткізеді.

Іс-шараның мақсаты жергілікті деңгейдегі этномедиаторларды дайындау және этносаралық шиеленісті жедел режимде анықтауға, уақтылы әрекет етуге және туындаған дауларды оқшаулауға қатысуға қабілетті далалық этномедиаторлар пулын қалыптастыру болып табылады.
Халықаралық және отандық тренердердің қатысуымен өткен іс-шара барысында қатысушылар конфликтологияның базалық негіздерін, этномедиация негіздерін, этномедиатордың құзыретін, этносаралық шиеленісті жою тәсілдерін, гарвард келіссөздер мектебінің қадамдық негіздерін және т. б. қарастырды.
Шымкент қаласы, Түркістан және Жамбыл облыстарының бюджеттік ұйымдары мен азаматтық қоғамының 20-дан астам өкілі белсенді қатысты.

 
Редактор ИПЭИ

News