Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты
толығырақ

The XIX International Scientific Conference of Students and Young Scientists "ǴYLYM JÁNE BILIM – 2024" was held at the L.N. G

The XIX International Scientific Conference of Students and Young Scientists "ǴYLYM JÁNE BILIM – 2024" was held at the L.N. G
Жоба шеңберінде ғылыми-зерттеу салаға зерттеу фокустарын енгізу мақсатында жоба мүшелері білім алушыларға зерттеу жұмысы үшін өзекті проблемалық бағыттарды ұдайы ұсынады. Жас ғалымдардың жұмысының нәтижелері жыл сайын сәтті болуда.

2024 жылғы 12 сәуірде Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде студенттер мен жас ғалымдардың «ǴYLYM JÁNE BILIM – 2024» XІХ Халықаралық ғылыми конференциясы өтті. ЕҰУ «Әлеуметтану» кафедрасының магистранты Тынгишева Назгуль Эльмира Отар жетекшілігімен III дәрежелі дипломға ие болды.

Оның зерттеу тақырыбы «Қазақстанның күрд әйелдерінің болашақ ұрпақтың бірегейлігін қалыптастырудағы рөлі»  әлеуметтік ғылымдар үшін өте өзекті және маңызды деп танылды.

23 студент әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс мәселелері жөніндегі конференцияға қатысып, теориялық және практикалық салаларда өз зерттеулерін сәтті ұсынды. Комиссия мүшелері Тагаева С. Б., Мұхамбетова К. А., Бураканова Г. М. болды. Конференцияға Еуразия ұлттық университетінің, «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КЕАҚ, «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ студенттері, Демографиялық Зерттеулер Институтының (Мәскеу қ.) студенттері қатысты.

Редактор ИПЭИ

Жаңалықтар