Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты
толығырақ

Институт өкілдері «Құқық үстемдігі адам құқықтарын қамтамасыз етудің әмбебап қағидаты ретінде» атты дөңгелек үстелге қатысты

Институт өкілдері «Құқық үстемдігі адам құқықтарын қамтамасыз етудің әмбебап қағидаты ретінде» атты дөңгелек үстелге қатысты
2024 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының ғимаратында «Құқық үстемдігі адам құқықтарын қамтамасыз етудің әмбебап қағидаты ретінде» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға ғылыми қоғамдастықтың, мемлекеттік органдардың, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтынан іс-шараға Әдістемелік және білім беру бағдарламалары орталығының қызметкерлері, сондай-ақ Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ практиканттары қатысты.

Қызу талқылау барысында дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстанда құқық үстемдігі қағидатын іске асырудың өзекті мәселелерін, оның адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі маңыздылығын, сондай-ақ осы саладағы ұлттық заңнаманы жетілдіру жолдарын талқылады. Сарапшылар әділетті және демократиялық қоғам құрудың негізі ретінде заң үстемдігінің маңыздылығын атап өтті.

Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты дөңгелек үстелге қатысуға шақырғаны үшін ҚР ПӘ Ішкі саясат бөліміне және ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институтына алғысын білдіреді.

Осындай іс-шаралар қоғамның түрлі салаларының өкілдері арасындағы сындарлы диалогқа ықпал ететініне және Қазақстанда құқықтық мемлекеттің нығаюына үлес қосатынына сенімдіміз.

Редактор ИПЭИ

Жаңалықтар