Қызу талқылау барысында дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстанда құқық үстемдігі қағидатын іске асырудың өзекті мәселелерін, оның адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі маңыздылығын, сондай-ақ осы саладағы ұлттық заңнаманы жетілдіру жолдарын талқылады. Сарапшылар әділетті және демократиялық қоғам құрудың негізі ретінде заң үстемдігінің маңыздылығын атап өтті.
Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты дөңгелек үстелге қатысуға шақырғаны үшін ҚР ПӘ Ішкі саясат бөліміне және ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институтына алғысын білдіреді.
Осындай іс-шаралар қоғамның түрлі салаларының өкілдері арасындағы сындарлы диалогқа ықпал ететініне және Қазақстанда құқықтық мемлекеттің нығаюына үлес қосатынына сенімдіміз.