2023 жылғы 12 сәуірде Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде студенттер мен жас ғалымдардың "ǴYLYM JÁNE BILIM – 2023" XVIII халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ "Әлеуметтану" кафедрасының студенті Камилова Әйгерім Эльмира Отардың жетекшілігімен "Қазақстандағы тәжік әйелдерінің әлеуметтік-мәдени портреті" тақырыбындағы жұмысты қорғап, I дәрежелі дипломмен марапатталды. Конференция 13 бағытта өтті. Конференцияда қоғамдық ғылымдар секциясына 52 студент қатысып, Қазақстанның әлеуметтану және қоғамдағы әлеуметтік жұмыс мәселелері бойынша өз жұмыстарын қорғады. Комиссия мүшелері - С. Б.Тағаева, К. А. Мұхамбетова , Г.М. Бураканова болды. Конференцияға Еуразия ұлттық университетінің, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері қатысты.