Institute of Applied Ethnopolitical Research
more

"ǴYLYM JÁNE BILIM – 2023" XVIII халықаралық ғылыми конференциясы өтті

"ǴYLYM JÁNE BILIM – 2023" XVIII халықаралық ғылыми конференциясы өтті
Ғылыми-зерттеу саласына енгізу мақсатында еліміздің жоғары оқу орындарының білім алушыларына жобаның зерттеу тақырыбының өзекті проблемалық мәселелері үнемі айтылып отырады. Өскелең ұрпақпен жұмыстың жемісі оң нәтиже берді.

2023 жылғы 12 сәуірде Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде студенттер мен жас ғалымдардың "ǴYLYM JÁNE BILIM – 2023" XVIII халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ "Әлеуметтану" кафедрасының студенті Камилова Әйгерім Эльмира Отардың жетекшілігімен "Қазақстандағы тәжік әйелдерінің әлеуметтік-мәдени портреті" тақырыбындағы жұмысты қорғап, I дәрежелі дипломмен марапатталды. Конференция 13 бағытта өтті. Конференцияда қоғамдық ғылымдар секциясына 52 студент қатысып, Қазақстанның әлеуметтану және қоғамдағы әлеуметтік жұмыс мәселелері бойынша өз жұмыстарын қорғады. Комиссия мүшелері - С. Б.Тағаева, К. А. Мұхамбетова , Г.М. Бураканова  болды. Конференцияға Еуразия ұлттық университетінің, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері қатысты.

News