Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты
толығырақ

Өңірлерге арналған семинар-кеңесі

Өңірлерге арналған семинар-кеңесі
2023 жылғы 29 қыркүйекте «Қазмедиа орталығында» Өңірлік әкімдіктердің Ішкі саясат/Қоғамдық даму басқармаларының Этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлім басшылары мен өңірлік ҚХА хатшылығы меңгерушілерінің біліктілігін арттыруға бағытталған семинар-кеңесі өтті.

Семинар-кеңеске Қазақстанның барлық өңірлерінің өкілдері қатысты.

Семинар-кеңесте Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының өкілдері: Окасова Гульдана – Этносаралық ахуалды мониторингтеу орталығының директоры, Сағынбаева Аяулым – Қолданбалы зерттеулер орталығының директоры сөз сөйледі.

Спикерлер еліміздегі этносаралық ахуал бойынша тоқсан сайынғы зерттеулер жүргізу әдіснамасы, өңірлерге мониторингтік сапарлар туралы айтып берді. Семинар барысында қатысушылар тақырыптарды тереңірек талдау үшін шағын топтарда практикалық тапсырмалармен жұмыс жасады.

Семинар-кеңесте қатысушылар тоқсан сайынғы әлеуметтанулық зерттеулерде іріктеуді анықтау, өңірлерге мониторингтік сапарлар бойынша талдамалық есептерді қалыптастыру және т.б. мәселелерді талқылады.

 

 

Редактор ИПЭИ

Жаңалықтар