Семинар-кеңеске Қазақстанның барлық өңірлерінің өкілдері қатысты.
Семинар-кеңесте Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының өкілдері: Окасова Гульдана – Этносаралық ахуалды мониторингтеу орталығының директоры, Сағынбаева Аяулым – Қолданбалы зерттеулер орталығының директоры сөз сөйледі.
Спикерлер еліміздегі этносаралық ахуал бойынша тоқсан сайынғы зерттеулер жүргізу әдіснамасы, өңірлерге мониторингтік сапарлар туралы айтып берді. Семинар барысында қатысушылар тақырыптарды тереңірек талдау үшін шағын топтарда практикалық тапсырмалармен жұмыс жасады.
Семинар-кеңесте қатысушылар тоқсан сайынғы әлеуметтанулық зерттеулерде іріктеуді анықтау, өңірлерге мониторингтік сапарлар бойынша талдамалық есептерді қалыптастыру және т.б. мәселелерді талқылады.