Зерттеу тақырыбы: «Қазақстанның этникалық топтарының азаматтық бірегейлігі және интеграциясы мәселелері бойынша форсайт-зерттеу жүргізу».
Зерттеу мақсаты. Қазақстанның этникалық топтарының азаматтық бірегейлігі және интеграциясы жағдайын талдау және болжау.
Зерттеу нысаны - Қазақстан аумағында тұратын этникалық топтар.
Зерттеу пәні - Қазақстанның этникалық топтарының азаматтық бірегейлігі және интеграциясы мәселелері бойынша мемлекеттік саясаттың шаралары.
Зерттеу жобасының мақсатына жету үшін келесі міндеттер қойылды:
Зерттеу әдісі. Форсайт-зерттеу этносаралық қатынастар саласындағы жетекші сарапшылардың, соның ішінде шешім қабылдаушылардың пікірлерін ескере отырып, өзара әрекеттесу элементтерін қамтиды. Осы зерттеуді жүзеге асыру үшін аралас әдіс қолданылды:
Зерттеу іріктемесі. Фокус-топ пікірталастары Қазақстанның 5 қаласында (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Петропавл, Орал) өтті. Фокус-топтарға арналған қалалар олардың аймақтық ерекшеліктерін ескере отырып таңдалды. Барлығы 5 қалада 80-ге жуық адам фокус-топтарға қатысты. Фокус-топтар екі тілде жүргізілді: қазақ және орыс.
Контент-анализ үшін этникалық топтар тілінде жарияланған Жанубий Козогистон, Ахиска, Жияна Курд, Казачий Курьер, Казачий Ведомости, Уйгур Авази сияқты басылымдар таңдалды. Бұқаралық ақпарат құралдарының мазмұнын талдауға жарияланған басылымның мазмұнын түсіне алатын этникалық топтардың тілдерін білетін мамандар тартылды.