Іс-шараға ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің, Қолданбылы этносаяси зерттеулер институтының, «Қоғамдық келісім» РММ, аудандық және ауылдық округ әкімдіктерінің өкілдері қатысты.
ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының орынбасары Бекбаева Анар семинар қатысушыларына алғы сөзін сөйледі. Анар Бектасқызы этносаралық салаға тартылған мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттар қызметінің тиімділігін арттыру мәселелерінің өзектілігін, сондай-ақ ақпараттық-ағарту жұмысын жақсартудың және тиімді алдын алу шараларын іске асырудың маңыздылығын атап өтті.
Спикерлер ретінде, ҚЭЗИ Ксенофобия мәселелерін зерттеу орталығының директоры Дінмұхаммед Ғали, ҚЭЗИ Әдістемелік және білім беру бағдарламалары орталығының менеджері Адилет Амиров, «Қоғамдық келісім» РММ Республикалық Достық үйінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы Гульмира Билялова, «Қоғамдық келісім» РММ Ақпараттық жұмыс және жұртшылықпен байланыс басқармасының жетеқші сарапшысы Айкен Атамуратова сөз сөйледі.
Семинар аясында көпэтносты қоғамдағы әлеуметтік шиеленіс потенциалын анықтаудың негізгі әдістемелері, ақпараттық кеңістіктегі этносаралық қатынастарды реттеу әдістері мен тәсілдері талқыланды. Қатысушылар Қазақстан халқы Ассамблеясының аудандар мен ауылдық округтер әкімдіктерімен кешенді жұмысымен танысты, сонымен қатар қоғамдық келісімді нығайту саласын ақпараттық қамту ерекшеліктерін зерделеді.