Institute of Applied Ethnopolitical Research
more

Ақпараттық-профилактикалық жұмыс бойынша әдістемелік семинар өтті

Ақпараттық-профилактикалық жұмыс бойынша әдістемелік семинар өтті
А.ж. 28 шілдесінде Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты «Қоғамдық келісім» РММ-мен бірлесіп Zoom онлайн-платформасы арқылы аудандық және ауылдық округ әкімдіктеріне арналған ақпараттық-профилактикалық жұмыс бойынша әдістемелік семинар өткізді.

Іс-шараға ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің, Қолданбылы этносаяси зерттеулер институтының, «Қоғамдық келісім» РММ, аудандық және ауылдық округ әкімдіктерінің өкілдері қатысты.

ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының орынбасары Бекбаева Анар семинар қатысушыларына алғы сөзін сөйледі. Анар Бектасқызы этносаралық салаға тартылған мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттар қызметінің тиімділігін арттыру мәселелерінің өзектілігін, сондай-ақ ақпараттық-ағарту жұмысын жақсартудың және тиімді алдын алу шараларын іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Спикерлер ретінде, ҚЭЗИ Ксенофобия мәселелерін зерттеу орталығының директоры Дінмұхаммед Ғали, ҚЭЗИ Әдістемелік және білім беру бағдарламалары орталығының менеджері Адилет Амиров, «Қоғамдық келісім» РММ Республикалық Достық үйінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы Гульмира Билялова, «Қоғамдық келісім» РММ Ақпараттық жұмыс және жұртшылықпен байланыс басқармасының жетеқші сарапшысы Айкен Атамуратова сөз сөйледі.    

Семинар аясында көпэтносты қоғамдағы әлеуметтік шиеленіс потенциалын анықтаудың негізгі әдістемелері, ақпараттық кеңістіктегі этносаралық қатынастарды реттеу әдістері мен тәсілдері талқыланды. Қатысушылар Қазақстан халқы Ассамблеясының аудандар мен ауылдық округтер әкімдіктерімен кешенді жұмысымен танысты, сонымен қатар қоғамдық келісімді нығайту саласын ақпараттық қамту ерекшеліктерін зерделеді.

Редактор ИПЭИ

News