Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты
толығырақ

Қоғамдық келісімді сақтаудағы БАҚ рөлі және ақпараттық күн тәртібі

Қоғамдық келісімді сақтаудағы БАҚ рөлі және ақпараттық күн тәртібі
Қоғамдық келісімді сақтаудағы БАҚ рөлі және ақпараттық күн тәртібі

Зерттеу тақырыбы: «Қоғамдық келісімді сақтаудағы БАҚ рөлі және ақпараттық күн тәртібі» инсайд-зерттеуі.

Зерттеу нысаны. Қазақстандық БАҚ, ақпарат көздерінің және әлеуметтік желілердің мазмұны.

Зерттеу пәні. Қоғамдық келісімді сақтаудағы БАҚ мазмұны және ақпараттық күн тәртібі.

Мақсаты. Ақпараттық күн тәртібін және Қазақстан Республикасында қоғамдық келісімді сақтаудағы БАҚ рөлін анықтау.

Міндеттер:

  1. Этносаралық қатынастар саласындағы қазақстандық БАҚ қызметінің бағытын зерттеу;
  2. Әр түрлі этностарды біріктірудегі қазақстандық БАҚ рөлі мен әлеуетін анықтау;
  3. Қоғамдағы бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған ақпараттық күн тәртібін талдау;
  4. Этникалық топтардың ақпараттық сұранымдарын талдау;

Зерттеу әдісі.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне жету үшін жұмыста мазмұнды талдау әдісі, яғни сапалы және сандық контент-анализ қолданылды.

Күн тәртібін талдау дәстүрлі БАҚ - телеарна мен ақпараттық порталдардың деректері негізінде соңғы 10 айда (2020 жылдың ақпанынан қараша айына дейін) жүргізілді.

БАҚ және әлеуметтік желілердің контент-анализі өткен кезеңдегі БАҚ мониторингінен тұратын ретроспективті талдауды қамтиды. Осылайша, зерттеу 2019 жылдың қарашасынан 2020 жылдың қарашасына дейінгі кезеңді қамтиды.

Зерттеу іріктемесі

БАҚ пен ақпарат көздерін, сондай-ақ әлеуметтік желілерді таңдау аудитория-алушылар, пайдаланушылар арасында осы мазмұнның танымал болуына байланысты. БАҚ мониторингі екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде ғылыми жобаның техникалық ерекшелігіне сәйкес ақпараттық күн тәртібін талдау жұмыстары жүргізілді. Екінші бөлімде контент-анализ барлық бұқаралық ақпарат құралдарын қазақ және орыс тілдерінде және әлеуметтік желілерде қамтыды.

Ақпараттық күн тәртібін талдау үшін «Қазақстан» және «24.kz» арналары таңдалды. Интернет-порталдардың ішінен Nur.kz және tengrinews.kz, inform.kz таңдалды. Бұл ақпарат көздері бүкіл ел бойынша хабар тарататын және мемлекеттік саясатты қамту саласында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын жетекші ақпараттық агенттіктер болып табылады.

Қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары мен ақпараттық порталдардан басқа Facebook, Instagram, YouTube, Telegram, Vk.com сияқты әлеуметтік желілер талдау жасауға негіз болды.

Жаңалықтар