Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты
толығырақ

Қазақстандық бірегейлікті нығайту саласындағы мемлекеттік саясат

Қазақстандық бірегейлікті нығайту саласындағы мемлекеттік саясат
Қазақстандық бірегейлікті нығайту саласындағы мемлекеттік саясат

Зерттеу тақырыбы: Қазақстандық бірегейлікті нығайту саласындағы мемлекеттік саясат.

Әлеуметтанулық зерттеудің мақсаты - қазақстандық бірегейліктің қалыптасу процесін және этникалық топтардың интеграциясын зерттеу, сондай-ақ қазақстандық бірегейліктің нығаюына әсер ететін өлшемдер мен тенденцияларды анықтау. Қазақстандық бірегейлікті нығайту бойынша мемлекеттік саясат шараларын әзірлеу.

Әлеуметтанулық зерттеудің міндеттері:

  • қазақстандық бірегейлік пен бірліктің қалыптасуы мен нығаю процесін талдау және бағалау;
  • қоғамдық келісімді жаңғырту бағдарламаларын іске асыру барысында Қазақстан этностарының интеграциялық процестерін талдау;
  • қазақстандық бірегейлікті өлшеу өлшемдерін анықтау;
  • қазақстандық бірегейліктің нығаюына әсер ететін тенденцияларды анықтау;
  • қазақстандық бірегейлікті нығайту бойынша мемлекеттік саясат шараларын әзірлеу.

Зерттеу нысаны - Қазақстанның этникалық топтары, оның ішінде қазақтар, орыстар, өзбектер, украиндар, ұйғырлар, қырғыздар, дүнгендер, күрдтер, тәжіктер мен әзірбайжандар.

Зерттеу пәні - қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру және этникалық топтардың интеграциясы.

Бұл зерттеуде ақпарат жинау әдісі - 18 жастан асқан этникалық топтар арасындағы «face-to-face» сауалнамасы.

Зерттеу іріктемесі

Жаппай сауалнаманың іріктеме жиынтығы 3000 респондентті құрайды. Зерттеу барысында көп сатылы іріктеу әдісі қолданылды. Бірінші кезеңде аймақтар, екінші кезеңде қаладағы / ауылдағы этностардың саны таңдалды.

Зерттеу аймағына 13 облыс пен республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары кіреді.

Жаңалықтар