Алғы сөз ҚР ПӘ ҚХАХ меңгерушісінің орынбасары Индира Рыстинаға берілді. Ол ҚХА-ның 31-сессиясында Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің негізгі басымдықтарын белгілеп, Ғылыми-сарапшылық кеңестің мүшелерің осы міндеттерді тиімді іске асыру үшін бірлесіп жұмыс атқаруға шақырды.
Марат Бәшімов өз сөзінде саяси және конституциялық реформалардың негізгі мәселелеріне тоқталды. Ол халық арасында құқықтық ағарту жұмыстарын жүргізу туралы және азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуы үшін жағдай жасау қажеттігін айтты.
Жамбыл Артықбаев этносаралық қатынастар саласындағы зерттеулер мен сапалы талдау жүргізудің өзекті мәселелері туралы айта келе, бірінші кезекте ұғымдық аппарат қалыптастыру туралы атап өтті.
Талқылау барысында Ғылыми-сарапшылық кеңес мүшелерімен ҚХА сарапшылық қоғамдастығының ғылыми әлеуетін ілгерілету мен кеңейтудің жаңа тәсілдерін іздеуге қатысты ұсыныстар мен ұсынымдар айтылды.