Institute of Applied Ethnopolitical Research
more

ҚХА ХХХІ сессиясының жұмысын талқылауға арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отыр

ҚХА ХХХІ сессиясының жұмысын талқылауға арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық  кеңесінің кеңейтілген отыр
2022 жылдың 24 маусымда сағат 15.00-де Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты ҚХА ХХХІ сессиясының жұмысын талқылауға арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізілді. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілдері, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесі мен Ғылыми-сарапшылық топтарының мүшелері, «Қоғамдық келісім» өкілдері және басқалары қатысты.

Алғы сөз ҚР ПӘ ҚХАХ меңгерушісінің орынбасары Индира Рыстинаға берілді. Ол ҚХА-ның 31-сессиясында Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің негізгі басымдықтарын белгілеп, Ғылыми-сарапшылық кеңестің мүшелерің осы міндеттерді тиімді іске асыру үшін бірлесіп жұмыс атқаруға шақырды. 

Марат Бәшімов өз сөзінде саяси және конституциялық реформалардың негізгі мәселелеріне тоқталды. Ол халық арасында құқықтық ағарту жұмыстарын жүргізу туралы және азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуы үшін жағдай жасау қажеттігін айтты. 

Жамбыл Артықбаев этносаралық қатынастар саласындағы зерттеулер мен сапалы талдау жүргізудің өзекті мәселелері туралы айта келе, бірінші кезекте ұғымдық аппарат қалыптастыру туралы атап өтті.

Талқылау барысында Ғылыми-сарапшылық кеңес мүшелерімен ҚХА сарапшылық қоғамдастығының ғылыми әлеуетін ілгерілету мен кеңейтудің жаңа тәсілдерін іздеуге қатысты ұсыныстар мен ұсынымдар айтылды.

 

Редактор ИПЭИ

News