Жалпы ақпарат.
Әкімшілік-аумақтық бөлінісі: ҚР, 14 облыс және 3 республикалық маңызы бар қала (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент).
Этникалық бөлініс: 11 этнос (қазақтар, орыстар, өзбектер, украиндар, ұйғырлар, түріктер, әзірбайжандар, дүнгендер, тәжіктер, күрдтер, шешендер).
Уақыт қатары: 2016-2019 жылдар және 2020 жылдың бірінші жартысы.
Ақпарат көзі: ҚР СЖЖРА Ұлттық статистика бюросы (ҚПҚ деректері) және әлеуметтік сауалнама нәтижелері.
Деректерді жинау және өңдеу әдістері.
Статистикалық көрсеткіштер ведомстволық деректер мен сипаттамалар негізінде топтастыру және жалпылау әдістерін қолдану арқылы қалыптасады, содан кейін талдау нәтижелері этникалық және аймақтық бөліністе орташа жылдық абсолютті және салыстырмалы шамалар түрінде ұсынылады.