ҚХА ҒСК-ның жұмыс органы – Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты (ҚЭЗИ), ол отырыстарды ұйымдастыруды, талдамалық материалдарды әзірлеуді және ҚХА-ның өңірлік ғылыми-сарапшылық топтарымен (ҒСТ ҚХА), ҚХА кафедраларының «Шанырақ» қауымдастығымен, ҚХА ҒСК Жас ғалымдар клубымен, сондай-ақ басқа да әріптес ұйымдармен өзара іс-қимылды үйлестіруді қамтамасыз етеді.
2025 жылы ҚХА ҒСК-ның төрт отырысы (екеуі – жұмыс, екеуі – кеңейтілген) офлайн және онлайн форматтарын біріктіре отырып өткізілді. Оған Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының (ҚР ПӘ ҚХАХ), Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің (ҚР МАМ ЭҚДК), ҚХА ҒСК мүшелерінің, ҚХА-ның өңірлік ҒСТ, ҚХА кафедралары қауымдастығының, Жас ғалымдар клубының, «Қоғамдық келісім» КММ өкілдерінің, сондай-ақ жетекші ғалымдар мен сарапшылардың өкілдері қатысты. Отырыстар ҚХА ҒСК-ның зерттеу күн тәртібін қалыптастыруға, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық тәжірибесін және Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның 35 жылдығын талдауға, ҚХА-ны 2030 жылға дейін дамыту тұжырымдамасының жобасына ұсыныстар әзірлеуге, сондай-ақ цифрландыру және Қазақстандық мемлекеттік этносаясат мектебін дамыту мәселелеріне арналды.
Қызметтің маңызды нәтижелерінің бірі ҚХА ҒСК мүшелері мен отандық жетекші мамандардың еңбектері енгізілген «Қазақстан халқы Ассамблеясы» электрондық библиографиялық көрсеткішін, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының конференцияларындағы материалдар мен сөз сөйлеулер жинағын әзірлеу болды.
Отырыс барысында этносаралық қатынастарды реттеудің құқықтық және тұжырымдамалық негіздері, оның ішінде осы салада Қазақстан Республикасы Конституциясының де-юре және де-факто құралы ретіндегі рөлі, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының елдің әлеуметтік-саяси, экономикалық, мәдени және ғылыми дамуына қосқан үлесінің тиімділігі мен нәтижелілігі мәселелері қарастырылды. Ғылыми басылым – «Қазақстанның ұлттық бірлігі: тарихы, қазіргі кезеңі және жаңа үрдістер» атты ұжымдық монография таныстырылды.
ҚХА қызметін цифрландыру мәселелері жеке мазмұндық блокқа айналды. ҚХА ҒСК ҚХА-ның цифрлық платформасына «ҚХА-ның ғылыми-сарапшылық қызметі» модулін енгізу, білім беру және ғылыми материалдардың, сондай-ақ ғалымдар мен сарапшылар профайлдарының цифрлық деректер базасын қалыптастыру, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасындағы ҚХА Депозитарийін дамыту, ҚХА тарихы, оның жетістіктері мен институционалдық дамуы бойынша цифрлық ресурстарды құру жөніндегі ұсыныстарды қолдады.
Білім беру өлшемінде ҚХА ҒСК Қазақстандық мемлекеттік этносаясат мектебін одан әрі дамытуды, білім беру модульдерін өңірлерге масштабтауды, бірлік пен келісім саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері бойынша бірыңғай білім беру модулін әзірлеуді қолдайды. Жас сарапшылармен жұмыс күшейтілді, ҚХА ҒСК Жас ғалымдар клубының (ҚХА ҒСК ЖҒК) мандаты кеңейтілді, оның құрамын ротациялау және Клуб төрағасының орынбасарын тағайындау туралы шешімдер қабылданды.
2025 жылы ҚХА ҒСК қабылдаған шешімдер, тапсырмалар мен ұсынымдар ҚХА ҒСК мен ҚХА-ның өңірлік ҒСТ-ның 2026 жылға арналған бірыңғай жұмыс жоспарын қалыптастыруға, ҚХА-ның цифрлық инфрақұрылымын дамытуға және этносаралық қатынастар мен қоғамдық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты ғылыми-сарапшылық сүйемелдеуді одан әрі күшейтуге негіз қалады.
ҚХА ҒСК-ның жұмыс отырысы
2025 жылғы 19 наурызда ҚХА ҒСК-ның офлайн және онлайн форматтарында жұмыс отырысы өтті. Отырысқа ҚР ПӘ ҚХАХ өкілдері, ҚР МАМ ЭҚДК өкілдері, ҚХА ҒСК мүшелері, ҚХА-ның өңірлік Ғылыми-сарапшылық топтары, ҚХА кафедралары қауымдастығы, ҚХА ҒСК мен Ғылыми-сарапшылық топтардың Жас ғалымдар клубы, «Қоғамдық келісім» КММ, сарапшылар мен ғалымдар қатысты.
Күн тәртібінің негізгі мәселелері мыналарды қамтыды:
– ҚХА ҒСК Жас ғалымдар клубының 2025 жылға арналған жобаларын қалыптастыру барысы, жұмыс жоспарлары және іске асырылуы;
– ҚХА ҒСК мүшелері мен отандық жетекші мамандардың еңбектері енгізілген «Қазақстан халқы Ассамблеясы» электрондық библиографиялық көрсеткішінің тұсаукесері.
2025 жылғы 19 наурыздағы отырыс ҚХА ҒСК-ның зерттеу күн тәртібін жүйелеуге, өңірлер мен жас ғалымдардың қатысуымен зерттеу топтарын қалыптастыруға, сондай-ақ ҚХА тақырыбы бойынша ақпараттық және библиографиялық базаны нығайтуға негіз қалады.
ҚХА ҒСК-ның кеңейтілген отырысы
2025 жылғы 10 маусымда ҚХА ҒСК-ның кеңейтілген отырысы өтті. Отырыс жұмысына ҚР ПӘ ҚХАХ өкілдері, ҚР МАМ ЭҚДК өкілдері, ҚХА ҒСК мүшелері, ҚХА-ның өңірлік Ғылыми-сарапшылық топтары, ҚХА кафедралары қауымдастығы, ҚХА ҒСК мен Ғылыми-сарапшылық топтардың Жас ғалымдар клубы, «Қоғамдық келісім» КММ, сарапшылар мен ғалымдар қатысты.
Отырыс аясында мынадай негізгі тақырыптар қаралды:
– ҚХА-ны 2030 жылға дейін дамыту тұжырымдамасын әзірлеуге қатысты ғылыми-сарапшылық қауымдастықтың жаңа қағидаттары мен тәсілдері;
– «Қазақстанның ұлттық бірлігі: тарихы, қазіргі кезеңі және жаңа үрдістер» атты ұжымдық монографияның тұсаукесері;
– ҚХА ҒСК мүшелерін ротациялау мәселелері.
2025 жылғы 10 маусымдағы отырыс ҚХА-ны 2030 жылға дейін дамыту тұжырымдамасына қатысты тәсілдерді, жастар сарапшылық қауымдастығының рөлін, сондай-ақ ҚХА-ның 30 жылдығына арналған ғылыми және баспа бастамаларын талқылаудың негізгі алаңы болды.
ҚХА ҒСК-ның жұмыс отырысы
2025 жылғы 20 тамызда Астана қаласының Достық үйінде Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай ҚХА ҒСК-ның жұмыс отырысы өтті. Отырыс офлайн және онлайн форматтарында өткізіліп, оған ҚХА хатшылығының өкілдері, ҚР МАМ ЭҚДК өкілдері, ҚХА ҒСК мүшелері, өңірлік Ғылыми-сарапшылық топтар және ҚХА ҒСК Жас ғалымдар клубының мүшелері қатысты.
Негізгі назар мына мәселелерге аударылды:
– Этносаралық қатынастарды реттеудің құқықтық және қолданбалы аспектілеріне;
– Этносаралық келісімді дамытуға бағытталған ғылыми-зерттеу жобаларының басымдықтарына.
Отырысқа қатысушылар ҚХА ҒСК Жас ғалымдар клубының жобаларын іске асыру барысымен танысып, олардың этносаралық қатынастарды дамыту үшін маңыздылығын талқылады, этносаралық саладағы өзекті мәселелер бойынша сарапшылық пікір алмасты. Нәтижесінде отырыс ҚХА ҒСК-ның ғылыми-зерттеу күн тәртібін конституциялық-құқықтық негіздерге және мемлекеттік этносаясаттың қолданбалы міндеттеріне сүйене отырып нақтылауға ықпал етті.

ҚХА ҒСК-ның кеңейтілген отырысы
2025 жылғы 14 қарашада Астана қаласының Достық үйінде ҚХА Төрағасының орынбасары – ҚР ПӘ ҚХАХ меңгерушісі Марат Азильхановтың төрағалығымен ҚХА ҒСК-ның кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа ҚХА хатшылығының өкілдері, ҚР МАМ ЭҚДК өкілдері, ҚХА ҒСК мүшелері, елдің жетекші ғалымдары мен зерттеушілері, жас ғалымдар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібі мынадай мәселелерді қамтыды:
– Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы: ғылыми дипломатия және ғылыми-сарапшылық сүйемелдеудің өзекті тәжірибелері;
– Ғылым мен білім – бірліктің негізі: Атырау облысы ҚХА-ның ғылыми-сарапшылық қызметі;
– Бейбітшілік пен келісім: Қазақстан Республикасындағы адамға бағдарланған мемлекеттік басқару моделі;
– Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақстанның әлеуметтік-саяси, экономикалық, мәдени және ғылыми дамуына қосқан үлесінің тиімділігі мен нәтижелілігі.
2025 жылғы 14 қарашадағы кеңейтілген отырыс жыл қорытындысының негізгі алаңы болып, ҚХА-ның 30 жылдығын ғылыми-сарапшылық сүйемелдеудің аралық нәтижелері талқыланды, ғылыми, білім беру және цифрлық бастамаларды интеграциялау шаралары қарастырылды, сондай-ақ ҚХА ҒСК мен ҚХА-ның Ғылыми-сарапшылық топтарының 2026 жылға арналған жұмыс бағдарлары айқындалды.
