2023 жылдың 24 қазанында Гаагадағы Бейбітшілік сарайында ЕҚЫҰ-ның ұлттық азшылық істері бойынша Жоғарғы Комиссарының институты өзінің 30 жылдығын атап өтті. Іс-шарада Жоғарғы комиссар Қайрат Әбдірахманов та ұлттық азшылықтардың әлеуметтік және экономикалық өмірге қалай жақсырақ қатыса алатыны туралы жаңа идеяларды ұсынды.
Ұлттық азшылық істері бойышна Жоғарғы комиссар (ҰАІБЖК) – Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы (ЕҚЫҰ) қызмет.
Ұлттық азшылық істері бойышна Жоғарғы комиссар кеңсесінің құрылуы 1990 жылдардың басындағы саяси жағдайлармен тікелей байланысты болды. Югославия соғыстары, Берлин қабырғасының мен коммунизм құлағаннан кейін басталған этникалық қақтығыстар болды, бұл ақыр соңында елдің күйреуіне әкелді. ЕҚЫҰ, Еуропалық Одақ және Біріккен Ұлттар Ұйымының күші, бейбітшілікті қамтамасыз ете алмады. Осындай жойқын адамдық трагедияны болдырмайтын көңілі Нидерланд үкіметіне HCNM лауазымын ұсынуға әкелді. Бұл кеңсенің мақсаты ұлттық азшылықтармен шиеленістерге негізделген қақтығыстардың алдын алу болды
Халықаралық қауымдастық проблемаларды толық түсінбегендіктен, бұл көбінесе шиеленістің өршуіне әкелді. Оның үстіне кез келген халықаралық көмек кешіктірілді. Осы сипаттағы шиеленістердің бітпейтін қақтығысқа айналмауы үшін, мүмкіндігінше тез анықталып, шешілуі керек екені мойындалды. Югославия қақтығысы көрсеткендей, дүние жүзіндегі көптеген қақтығыстардың негізінде, ұлттық азшылықтардың қатысуымен шиеленіс жатыр. Осының аясында ұлттық азшылық істері бойынша Жоғарғы комиссар кеңсесін құру ұсынылды.
Жоғарғы комиссар мандаты этникалық шиеленістерге және ұлттық/этникалық азшылықтарға қатысты қақтығыстарға байланысты, алдын ала ескерту және жанжалдардың алдын алуды қамтамасыз ету міндетін қамтиды. Бұл кеңсе үкіметтер мен азшылық қауымдастықтары арасындағы диалогты ілгерілету үшін жұмыс істейді, азшылықтардың құқықтарын қорғауға және этносаралық түсіністікке жәрдемдеседі.
Жоғарғы комиссар рөлі ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердегі ұлттық/этникалық азшылықтарды қорғауға қатысты мәселелерді шешу болып табылады. Ұлттық азшылықтар істері бойынша Жоғарғы Комиссар ЕҚЫҰ аясында дербес жұмыс істейді және этникалық жағынан әртүрлі аймақтардағы тұрақтылық пен ынтымақтастықты ілгерілетуде маңызды рөл атқарады. Жоғарғы комиссар жұмысы ЕҚЫҰ-ның мүше мемлекеттердегі жанжалдарды шешу және алдын алу бойынша кеңірек күш салуына ықпал етеді.
Жоғарғы комиссар кеңсесінің жұмысы барысында бірнеше ұсыныстар әзірленді:
1998 жылғы Осло ұсынымдары және 1999 жылғы Лунд ұсынымдары бірге барлық адамдардың, соның ішінде ұлттық азшылықтарға жататын тұлғалардың өздерінің таңдаған тілде немесе тілдерде жеке істерін жүргізуге құқығы бар екенін көрсету арқылы, экономикалық өмірдегі тілдік еркіндік құқығын нығайтады.
2008 жылғы Болзано ұсынымдарында ұлттық азшылықтарға жататын адамдар, ұлттық шекаралар арқылы еркін және бейбіт байланыстар орната алуы керек, сол арқылы олар мәдени және экономикалық байланыстарды дамыта алады.
1996 жылғы Гаага ұсынымдарында айтылғандай, адамның экономикалық әлеуетіне білім алу тікелей әсер етеді. Сапалы білімге қол жеткізу ұлттық азшылықтардың экономикалық және әлеуметтік интеграция деңгейін анықтайды. Кезекті Жоғарғы комиссарлардың зерттеулері мен тәжірибесіне сүйене отырып, әртүрлі қоғамдардағы жоғары, сапалы, көптілді білімге инвестиция салу, қоғамды біріктіру және экономикалық өркендеуді құруға ықпал етеді.
Ұлттық азшылықтардың қоғамдық өмірге тиімді қатысуы туралы, 2023 жылдын қазан айында ЕҚЫҰ Жоғарғы комиссар Қайрат Әбдірахманов жаңа ұсынымдары шығарды.[3] Ұсынымдар жалпы принциптерді қамтиды; шешімдер қабылдауға, оның ішінде орталық, өңірлік және жергілікті деңгейдегі іс-шараларға, сайлауға, сондай-ақ консультативтік-кеңесші органдарға қатысу; аумақтық және аумақтық емес механизмдерді қамтитын өзін-өзі басқару; және кепілдіктер, оның ішінде конституциялық және құқықтық кепілдіктер мен қорғау құралдары. Ұсыныстар түсіндірме жазбалармен қоса беріледі.
Негізінде әрбір ұсыным жеке маңызды болғанымен, ұлттық азшылықтар тек қатысушылар ғана емес, кеңірек әлеуметтік және экономикалық шеңбердегі белсенді қатысушылар, мүдделі тараптар және бенефициарлар болатын қоғам құру мақсатына ұжымдық түрде қарай жылжиды.
Бұл ұсынымдардың көзқарасы, әр ұлттық азшылық тобы өркендей алатын, ықпалы мен күшіне ие бола алатын, әртүрлілікке, теңдікке және инклюзияға бай қоғам құра алатын болашаққа жұмыс істеу болып табылады.
Бұл ұсынымдар нақты ережелерге, сондай-ақ адам құқықтары саласындағы халықаралық және Еуропалық стандарттарды және әлеуметтік - экономикалық инклюзияға қатысты саясатты ағымдағы және болашақ түсіндіруге негізделген. Құжаттардың кейбіреулері ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің барлығы немесе кейбіреулері үшін заңды түрде міндетті, ал басқалары негізінен анықтамалық, сендіру немесе шабыттандыратын құндылыққа ие.
Бұл ұсынымдар ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің саясаткерлеріне өз қоғамдарына ұлттық азшылықтарға жататын адамдарды тұтас қосуға, қатысуға және әділ қарым-қатынас жасауға талпынуға көмектесетін кешенді тәсілді ұсынады.
ЕҚЫҰ-ның ұлттық азшылықтар істері бойынша Жоғарғы комиссары Қазақстанның этникалық қауымдастықтар арасындағы өзара іс-қимылдың оңтайлы нысандарына қол жеткізудегі, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтудағы, этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынас мәдениетін дамытудағы, экстремизм мен ксенофобиямен күрестегі бай тәжірибесін бірнеше рет құптады.
Қазақстанда Жоғарғы комиссармен серіктестікте бірнеше жобалар жүзеге асырылды:
1993 жылы 1 қаңтарда ЕҚЫҰ-ның ұлттық азшылықтар істері бойынша бірінші Жоғарғы комиссары Макс ван дер Стул (Нидерланд) болды, ол осы мерзімге үш рет сайланды. Макс ван дер Стул Қазақстанға жиі келіп, оның тәжірибесін, оның ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясын зерттеді. Оның қатысуымен республикамызда үш халықаралық конференциялар мен семинарлар өткізілді. Ван дер Стул мырза, Қазақстан әртүрлі этникалық топтар мен конфессиялар арасында бейбіт өмір сүрудің үлгісі бола алатынын айтты.
2014 жылғы 23 маусым мен 27 маусым аралығындағы Жоғарғы комиссар A.Турс-тің Қазақстанға бірінші сапары, ынтымақтастықтың маңызды кезеңі болды. Осы сапар барысында Жоғарғы комиссар Қазақстанның толерантты және көпэтносты қоғам құрудағы жетістіктерімен танысуға мүмкіндік алды.
2017 жылдан 2019 жылға дейін Жоғарғы комиссар кеңсесі Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігімен көптілді және көпмәдениетті білім беру мәселелері бойынша, ынтымақтастық туралы меморандум аясында бірлесе жұмыс істеді. Жоғарғы комиссар Қазақстан Республикасының ІІМ-мен «Көпэтносты Қазақстандағы полиция қызметі» жобасы бойынша ынтымақтастықты жүзеге асырады.
ЕҚЫҰ Жоғарғы комиссары Қазақстан Республикасында этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей үлгісін құрудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін жоғары бағалайды.
ҚХА ғылыми-сарапшылық кеңесі, Жоғарғы комиссар кеңсесімен Қазақстандағы этникалық қауымдастықтар мен интеграцияның дамуының маңызды мәселелерін талқылауда тәжірибесі бар. Жоғарғы комиссардың Қазақстанға сапары аясында сарапшылармен пікір алмасу және ұсыныстар беру мақсатында кездесулер ұйымдастырылды.
Соңғы жылдары ЕҚЫҰ-ның ұлттық азшылықтар істері бойынша Жоғарғы комиссары Қайрат Әбдірахмановтың Қазақстанға сапары маңызды оқиға болды. Ол 2023 жылы елге Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезіне қатысу үшін келген. Сапар барысында Жоғарғы комиссар мен ел басшылығы арасында кездесулер өтті. Бұл кездесулерде ЕҚЫҰ-ның жауапкершілік аймағындағы этносаралық қатынастардың өзекті мәселелері, сондай-ақ Жоғарғы комиссар кеңсесінің, жанжалдардың алдын алу бойынша бастапқы ұсыныстары талқыланды. Жоғарғы комиссар Қазақстанның елдегі қоғамдық келісім мен бірлікті сақтаудағы күш-жігерін жоғары бағалады.
Өзінің ұсыныстарында Жоғарғы комиссар «ұлттық азшылық» терминін пайдаланады. Бұл құжат халықаралық болып табылады, осылайша бастапқы терминологиясын сақтайды. Алайда Қазақстан Республикасының заңнамасында бұл анықтама қолданылмайды. Оның орнына «этникалық топ» терминін қолдану жиі кездеседі. Бірақ соған қарамастан, Жоғарғы комиссардын бұл ұсыныстарын этносаралық келісімді нығайту үшін және Қазақстан Республикасындағы этностардың интеграциясы саясатының бөлігі ретінде пайдалануға болады.
Қолданылған әдебиет
(HCNM). Ұлттық азшылықтардың қоғамдық өмірге тиімді қатысуы туралы Лунд ұсыныстары. Гаага; Нидерланд, 1999.
Ұлттық азшылықтар – халықаралық тәжірибеде қолданылатын термин. Қазақтың ішкі дискурсында қолданылмайды.
https://www.osce.org/files/f/documents/2/3/553783.pdf
https://www.gov.kz/memleket/entities/mfavienna/press/article/details/110931?lang=ru