Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты
толығырақ

«Этнос тілдерінде білім беретін мектептер: «қолдаймын» немесе «қолдамаймын» тақырыбында этносаяси дискурс

«Этнос тілдерінде білім беретін мектептер: «қолдаймын» немесе «қолдамаймын» тақырыбында этносаяси дискурс
Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты
2021 жылдың 18 маусымында Нұр-Сұлтан қ. Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының (бұдан әрі-Институт) этносаяси дискурсы алаңында онлайн форматта «Этнос тілдерінде білім беретін мектептер: «қолдаймын» немесе «қолдамаймын» тақырыбында сарапшылық кездесу өтті.

Сарапшылық топтың жұмысына "Ұлт тағдыры" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Д.Көшім, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚХА ҒСК мүшесі Н.Шаймерденова, Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшелері, ҚЭЗИ сарапшылық тобы, жас ғалымдар және т.б. қатысты.

«Ұлт тағдыры» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Досмаханбет Көшімнің пікірінше, барлық демократиялық елдерде таңдау құқығы бар және тілді немесе мектепті таңдау ата-аналарға байланысты, ал мемлекет тек жағдай жасайтын орган болып табылады. Ұлттық тілде оқытатын мектептердің құрылуы көп этностық және мультимәдениетті сақтаумен байланысты саяси шешімдердің бірі болып табылады.

Кездесу барысында ұлттық тілде оқытатын мектептердің болуы мемлекеттік тілді меңгеру деңгейіне әсер етпеуі тиіс екендігі атап өтілді. Қазақ мектептерін жағдайларын арттырып, тыныс-тіршіліктің барлық деңгейлерінде қазақ тілінің маңыздылығы мен мәртебесін дамыту жөнінде жұмыс жүргізілу қажет екендігі айтылды.

Іс-шара барысында қатысушылар пікір алмасып, талқыланған тақырып бойынша өз көзқарастарын білдірді.

Жаңалықтар