Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты
толығырақ

«Қазақстан өңірлерін дамытудағы этнодемографиялық параметрлер» тақырыбындағы семинар-тренингі өткізілді

«Қазақстан өңірлерін дамытудағы этнодемографиялық параметрлер» тақырыбындағы семинар-тренингі өткізілді
2021 жылдың 20-21 мамырында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мемлекеттік тапсырмасы аясында Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты (бұдан әрі - Институт) «Қазақстан өңірлерін дамытудағы этнодемографиялық параметрлер» тақырыбына семинар-тренинг өткізді.

Онлайн форматта өткен екі күндік семинар-тренингтің жұмысына 50-нан астам адам қатысты. Олардын арасында, этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысатын жергілікті атқарушы органдардың мамандары, этномәдени бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және басқалары қатысты.

Тренерлер ретінде  Шынар Түлешова,  демография бойынша PhD, «Болашақ» бағдарламасының түлегі және  Аяулым Сагынбаева, демография магистрі, «Болашақ» бағдарламасының түлегі шақырылды.

Екі күндік семинар-тренинг барысында қатысушылар Қазақстан өңірлерінің этнодемографиялық даму, этносаралық неке, этникалық аспект тұрғысынан Қазақстандағы халықтың ұдайы өсу мәселелерімен, сондай-ақ, Қазақстандағы этникалық көші-қон үрдістерімен танысты.

Семинар-тренинг интерактивті жұмыс әдістерін қолдана отырып өткізілді. Қатысушылар өз белсенділіктерін көрсетіп сұрақтарға жауап беріп, пікірлерімен және тәжірибелерімен бөлісті.

Жаңалықтар