Кеңейтілген отырыс жұмысына ҚХА төрағасының орынбасары - ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА Хатшылығының меңгерушісі, ҚР Білім және ғылым вице-министрі, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры, ҚР АҚДМ этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ ректоры, ҚХА ҒСК төрағасы, сондай-ақ онлайн түрде ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің, Ғылыми-сарапшылық топтарының мүшелері және т. б. қосылды.
Кеңейтілген отырыстың күн тәртібінде ҚХА-ның Тәуелсіздікті нығайтуға қосқан үлесі, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесі жұмысының нәтижелері, ҚХА Ғылыми-сарапшылық қоғамдастығы қызметінің жаңа жоспарлары мен перспективалары, ҚХА ҒСК мүшелерін ротациялау жайында сөз қозғалды.
ҚХА төрағасының орынбасары Марат Әзілханов өз сөзінде ғалымдар мен сарапшылардың ұлттық дамудың терең процестерін зерделеу, мемлекеттік саясатты іске асырудың тиімді жолдары мен тетіктерін іздестіру және әзірлеу бойынша маңызды миссияны атқаратынына және стратегиялық міндетті орындайтынына назар аударды. Ол ғылымның басым бағыттарын дамытудың, зерттеу нәтижелерімен, соңғы жарияланымдармен алмасу бойынша сарапшылар үшін ақпараттық база мен интерактивті алаң құрудың маңыздылығы туралы атап өтті.
Ғылыми зерттеулер мен аналитиканың қолданбалы аспектілерін күшейту жөніндегі Ғылыми-сарапшылық кеңестің жұмысын одан әрі жетілдіру шаралары әзірленді. Бұл жоспарда жалпы республикалық және өңірлік мәселелерді қамти отырып, іргелі және қолданбалы зерттеулердің басым тақырыптарын қоса отырып, бірыңғай іс-қимыл жоспарын әзірлеу ұсынылды.