Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты
толығырақ

Этносаяси дискурсы алаңында онлайн форматта «Азаматтық сәйкестілік және оның компоненттері» тақырыбына сарапшылық кездесу өтт

Этносаяси дискурсы алаңында онлайн форматта «Азаматтық сәйкестілік және оның компоненттері» тақырыбына сарапшылық кездесу өтт
2021 жылдың 18 наурызында Нұр-Сұлтан қаласында Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының (бұдан әрі – Институт) этносаяси дискурсы алаңында онлайн форматта «Азаматтық сәйкестілік және оның компоненттері» тақырыбына сарапшылық кездесу өтті.

2021 жылдың 18 наурызында Нұр-Сұлтан қаласында Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының (бұдан әрі – Институт) этносаяси дискурсы алаңында онлайн форматта «Азаматтық сәйкестілік және оның компоненттері» тақырыбына сарапшылық кездесу өтті.

Оған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Б. Әбдіғалиұлы, Қазақстан халқы Ассамблеясының және ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшелері, ҚР АҚДМ этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің, "Nur Otan" қоғамдық саясат институтының, ҚЭЗИ сарапшылық тобының, ҚХА кафедралары қауымдастығының өкілдері және т. б. қатысты.

Институт директоры Т.Қалиев қатысушыларға алғысын айтып, «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында Мемлекет басшысы ұлттық жаңа болмысын қалыптастыру қажеттілігі туралы мәселе көтергенін еске сала кетті. Оның пікірінше, бұл анықтаманың мағынасын түсіну үшін оны компоненттерге бөлу, олардың бір-бірімен қарым-қатынасын бағалау, осы сәйкестікті құру және оның өзектілігін анықтау үшін не істеу керек екенін білу бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр,- деді.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлы өз сөзінде бірегейлік мәселелерін зерттеуге кең ауқымды сарапшыларды тарту қажет екенін атап өтті, өйткені бүгінгі таңда бұл тақырыпта тек социологиялық зерттеулер бар, және бұл жеткіліксіз. Бірегейлік мәселесі өте терең, оның тамыры тарихқа барып тіреледі. Оның пікірінше, бүгінде қазақ халқының басын біріктіретін факторлардың бірі - ұлттық бірегейлік.

Институт директорының орынбасары Айгүл Сәдуақасова өз сөзінде адамдарға өздерін еліміздің толыққанды азаматтары деп санауға не мүмкіндік беретініне, қандай негізгі көрсеткіштер бірегейлік сезіміне әсер ететініне, оған туған жері, мәдени ұқсастығы немесе т.б. әсер ете алатынына назар аударды. Ол көк паспорт жаңа тәуелсіз мемлекеттің символына айналғанын және біздің еліміздің азаматтарын басқа әлемдік мемлекеттердің азаматтарымен бір қатарға қойғанын атап өтті.

Іс-шара барысында қатысушылар пікір алмасып, талқыланған тақырып бойынша өз көзқарастарын білдірді.

Жаңалықтар