Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты жоғары оқу орындарымен белсенді түрде ынтымақтастық орнатып, студенттерге тәжірибеден өту мүмкіндіктерін ұсынады, сондай-ақ кәсіби құзыреттер мен зерттеушілік дағдыларды дамытуға ықпал ететін білім беру іс-шараларын ұйымдастырады.
Ісшара аясында қатысушылар этносаралық қатынастарды сипаттайтын әлеуметтік желілердегі контент мониторингі мен талдаудың практикалық әдістерімен танысты. Қоғамдық көңіл-күйді цифрлық трекингтеу құралдарына ерекше назар аударылды.

Студенттер талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, ұсынылған талдау әдістері мен құралдарына жоғары қызығушылық танытты.
Шеберлік сағаты барысында онлайн-коммуникацияны талдаудың негізгі тәсілдері, сондай-ақ цифрлық ортада қоғамдық нарративтердің қалыптасуы мен таралу ерекшеліктері қарастырылды. Қатысушылар ең көп талқыланатын тақырыптарды анықтау, қоғамдық көңіл-күйдегі өзгерістерді тіркеу және жарияланымдардың уақыт пен өңірлер бойынша динамикасын қадағалау тәсілдерін меңгерді.
Ісшараның практикалық бөлігі әлеуметтік желілердегі ақпаратты жүйелеуге, әлеуетті сезімтал тақырыптарды анықтауға және ықтимал этносаралық шиеленіс белгілерін айқындауға мүмкіндік беретін контентті трекингтеу алгоритмдеріне арналды. Сондай-ақ қатысушылар нақты жарияланымдардың мысалдарын қарастырып, олардың көңіл-күйі мен тоналдылығын анықтап көруге тырысты.