Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты
толығырақ

Этномедиация назарында: бейінді семинар-тренинг аяқталды

Этномедиация назарында: бейінді семинар-тренинг аяқталды

2026 жылғы 20–22 сәуір аралығында Астана қаласында Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты ұйымдастырған «Этномедиация орталықтарының жұмысын ұйымдастыру» атты үш күндік семинар-тренинг өтті. Іс-шараға өңірлік «Қоғамдық келісім» КММ жанындағы этномедиация орталықтарының мамандары, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы өңірлік медиация кеңестерінің мүшелері, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың ішкі саясат саласының қызметкерлері қатысты.

Семинардың спикерлері ретінде Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Луиза Узарова, Институттың Этномедиация орталығының директоры Фарида Мусатаева, Қазақстан халқы Ассамблеясы Медиация жөніндегі республикалық кеңесінің төрағасы Шерзод Пулатов, «Халықаралық медиация және құқық орталығы “Келісім”» директоры Гульмира Нарбаева, Институттың Қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Өтеғали Дулат, сондай-ақ этномедиаторлар Рустем Бектрумов пен Ержан Еңсебай қатысты.

Семинар-тренингтің мақсаты – әлеуметтік шиеленісті уақтылы анықтап, жедел әрекет етуге және қажет болған жағдайда туындаған дауларды оқшаулауға қатысуға қабілетті өңірлік этномедиация орталықтарының қызметін әдіснамалық сүйемелдеу болды.

Үш күндік семинар-тренинг бағдарламасы аясында этномедиация орталықтарының жұмысын ұйымдастырудың негізгі бағыттары кезең-кезеңімен қарастырылды: бірінші күні қатысушылар этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатпен, этномедиация мен конфликтологияның базалық негіздерімен, сондай-ақ Қазақстандағы этносаралық келісім моделінің трансформациясы мен институционалдық ерекшеліктерімен танысып, кейін практикалық пысықтау жұмыстарын жүргізді; екінші күні медиакеңістіктегі ақпараттық саяси әдептілік, этносаралық тақырып бойынша әлеуметтік желілерді мониторингтеу, кәсіби құзыреттерді дамыту, этномедиация стандарттары мен алгоритмдерін қолдану мәселелеріне назар аударылды; үшінші күні қатысушылар практикалық дағдыларын тереңдетіп, этномедиативтік кейстерді пысықтап, полиэтникалық ортадағы отбасылық-тұрмыстық қатынастардағы медиация ерекшеліктерін қарастырды.

Семинар-тренинг қорытындысында қатысушыларға оқуды сәтті аяқтағанын және бағдарламаны меңгергенін растайтын сертификаттар табысталды, сондай-ақ алынған білімнің этномедиация саласындағы алдағы кәсіби қызмет үшін практикалық маңызы мен негізгі нәтижелері айқындалды.

Редактор ИПЭИ

Жаңалықтар