
Іс-шараға әлемнің 20 елінен 25-тен астам өкілдері қатысты. Бір апталық бағдарлама аясында қатысушылар мәдениетаралық диалог пен өзара іс-қимыл мәселелеріне арналған семинарлар, дәрістер және воркшоптарға қатысты.

ҚЭЗИ сарапшысы Қазақстан туралы презентация ұсынып, онда елдегі мәдениет, ұлт бірегейлік, құндылық бағдарлар, сондай-ақ этносаралық өзара іс-қимылдың ерекшеліктері қамтылды.
