Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты
толығырақ

Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтында Жансая Акановамен сторителлинг-кездесу өтті.

Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтында Жансая Акановамен сторителлинг-кездесу өтті.
2026 жылғы 5 ақпанда Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтында Ксенофобия мәселелерін зерттеу орталығының директоры, Аканова Жансая Дабылқызының қатысуымен сторителлинг-кездесу ұйымдастырылды.

Кездесудің тақырыбы – «Сауалнамадан есепке дейін: әлеуметтанулық зерттеу қалай қалыптасады» – студенттер, жас зерттеушілер және әлеуметтік ғылымдар саласындағы мамандар арасында үлкен қызығушылық тудырды.

Іс-шара барысында спикер әлеуметтанулық зерттеулерді жүргізудің негізгі кезеңдері туралы айтып өтті: зерттеу құралдарын әзірлеу, далалық жұмыстарды ұйымдастыру, деректерді өңдеу және талдау, сондай-ақ аналитикалық материалдарды дайындау. Практикалық кейстер мен зерттеу саласындағы нақты жұмыс тәжірибесіне ерекше назар аударылды.

Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, әлеуметтанудың өзекті мәселелерін талқылауға және аналитикалық қызмет саласындағы кәсіби мүмкіндіктер туралы мағлұмат алуға мүмкіндік алды.

Осындай кездесулер жас мамандардың зерттеушілік құзыреттерін дамытуға және ғылыми қауымдастық пен студенттер арасындағы өзара байланысты нығайтуға ықпал етеді.

 
Редактор ИПЭИ

Жаңалықтар