Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты
толығырақ

Шетелдік және отандық сарапшылардың қатысуымен жұмыс кездесуі өтті

Шетелдік және отандық сарапшылардың қатысуымен жұмыс кездесуі өтті
Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтында Хангук шетел тілдері университетінің (Сеул қ., Корея Республикасы) Орталық Азияны зерттеу институтының қызметкерлері Jaemin Kim мен Sun-ah Choi, сондай-ақ «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының директоры Ботагөз Ракишева қатысқан жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында қоғамдық үдерістерді және этносаралық қатынастарды зерделеудің өзекті мәселелері, сондай-ақ Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы ғылыми диалогты кеңейту және зерттеу тәжірибесімен алмасу перспективалары талқыланды. Бірлескен зерттеулер жүргізу мүмкіндіктері мен сараптамалық ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесуге қатысушылар халықаралық ғылыми байланыстарды нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, академиялық және қолданбалы зерттеулер шеңберінде одан әрі өзара іс-қимылды дамытуға мүдделілік білдірді.

Редактор ИПЭИ

Жаңалықтар