Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты
толығырақ

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталуы туралы

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталуы туралы
«Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты» ЖШС (бұдан әрі – Институт) Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабына сәйкес 2025 жылғы 03 наурыз бен 30 қазан аралығында Институт қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланғанын хабарлайды. Талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
  • Серіктестік қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық актілерден сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

  • Серіктестіктің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Сұрақтар, ұсыныстар болған жағдайда немесе Институт қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы мәліметтер бар болса, 30.10.2025 жылға дейін Info@iaer.kz электрондық поштасына, WhatsApp +7-777-151-02-23 нөміріне жіберуді немесе келесі мекенжайға жүгінуді сұраймыз: 010000, Астана қаласы, Нұра ауданы, Қабанбай батыр даңғылы 11/5, 12-қабат, 1212-кабинет.

Редактор ИПЭИ

Жаңалықтар