
Отырыста алғаш сөз алған Марат Алмасұлы, Қазақстан халқы Ассамблеясы 30 жыл ішінде этносаралық келісім мен қоғамдық бірлікті нығайтудың маңызды алаңына айналғанын атап өтіп, осы саладағы өзара іс-қимылдың теориялық негізін дамытуға және практикалық тетіктерін жетілдіруге бағытталған ғылыми зерттеулердің маңыздылығын ерекше атап өтті.
ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің төрайымы, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институтының бас директоры, әлеуметтану ғылымдарының докторы Айгүл Садвокасова Кеңестің эксперттік әлеуетін одан әрі күшейтудің және этносаяси салада ғылыми сабақтастықты қалыптастырудың қажеттілігін атап өтті.
Отырыс барысында ғылыми және сарапшылық қауымдастықтың жетекші өкілдерінің баяндамалары тыңдалды.
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ҚХА кафедра меңгерушісі, саяси ғылымдарының докторы, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесі төрағасының орынбасары Наталья Калашникова баяндама жасады. Ол өз сөзінде ҚХА-ның Ғылыми-сарапшылық сүйемелдеуінің отыз жыл ішіндегі эволюциясына жан-жақты тоқталды. Сондай-ақ ҚХА қызметін ғылыми-сарапшылық тұрғыдан қамтамасыз етудің заманауи жұмыс форматтары мен өзекті тәжірибелеріне ерекше назар аударды.
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры, Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор Әлия Масалимова өз сөзінде мемлекеттік басқару жүйесіндегі адамға бағытталған тәсілдің маңызына ерекше тоқталып, тұрақты бейбітшілік, қоғамдық келісім және билік институттарына деген сенім елдің одан әрі дамуының негізгі шарттары екенін атап өтіп, мемлекеттік басқару жүйесіндегі адамға бағытталған тәсілдің маңыздылығына тоқталды.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ректоры, Атырау облысы ҚХА Ғылыми-сарапшылық тобының төрағасы, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Саламат Идрисов өз баяндамасында қоғамдық бірлікті нығайтудағы ғылыми зерттеулер мен білім беру бастамаларының рөліне тоқталып, өңірлік ғылыми-сарапшылық топтың ҚХА міндеттерін іске асыру контексіндегі негізгі жұмыс бағыттары мен нәтижелерін баяндады.
Шымкент қаласы ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің Жас ғалымдар клубының төрайымы, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Тарих және этнология» ғылыми орталығының жетекшісі Шолпан Торғаутова ҚХА-ның қоғамдық дамудың негізгі салаларына кешенді әсер ететін институт ретіндегі рөлін қарастырды, сондай-ақ ғылыми қоғамдастық пен жас ғалымдардың Ассамблея қызметінің нәтижелілігін бағалауға және одан әрі арттыруға қатысуының маңыздылығын атап өтті.

Отырыстың қатысушылары ҚХА-ның ғылыми әлеуетін одан әрі дамыту, этносаралық үдерістерді зерттеудің жаңа тәсілдерін әзірлеу, сондай-ақ жас ғалымдар мен сарапшыларды ортақ зерттеу және практикалық міндеттер төңірегінде шоғырландырудың маңыздылығын атап өтті.
Отырыстың негізгі мақсаты қоғамдық келісімді нығайтуға және мемлекеттік этносаясатты жетілдіруге баса назар аудара отырып, ҚХА-ның үш онжылдықтағы қызметін сараптамалық сүйемелдеудің қорытындыларын шығару және ғылыми-сараптамалық қоғамдастықтың келесі кезеңге басымдықтарын айқындау болды.
Басқосу барысында ҚХА қызметіне белсенді қатысқаны және ғылыми қолдау көрсеткені үшін бірқатар азаматтар марапатталды.

Отырыс жұмысына ҚХА хатшылығының қызметкерлері, ҚР МАМ өкілдері, өңірлердегі ғылыми-сарапшылық кеңестің мүшелері, жас ғалымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.