Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты
толығырақ

Жалпыреспубликалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Жалпыреспубликалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Бүгін елордада Достық үйінде «ҚХА-ның 30 жылдығы: Қазақстандық этносаралық толеранттылық моделінің тәжірибесі мен даму болашағы» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Ғылыми конференцияда алғашқы болып сөз алған ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтудың ерекше маңызына тоқтала келе, Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған міндеттерді іске асыру жөнінде кеңірек тоқталып өтті.

«Елдегі Қазақстан халқы Ассамблеясы төңірегінде жасалған жұмыстың ауқымы орасан зор, жетістігіміз де жетерлік. Енді оны одан әрі де этностар арасындағы татулықты сақтап қалудың түрлі әдістерін ұсынып, соны жүзеге асыруды жалғастыру керек», - деді Вице-министр.

 

Конференция жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясының, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ қазақстандық және халықаралық (Өзбекстан Республикасы, Қырғыз Республика) ғылыми-сарапшылық қауымдастық өкілдері қатысты.

 

Конференция күн тәртібі Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық қызметіне және этносаралық қатынастарды дамыту саласының кең ауқымды мәселелерін талқылауға арналды. Конференция жұмыс барысында қатысушылар ҚХА-ның 30 жылдық қызметінің қорытындыларын талқылады; этносаралық келісім мен ұлт бірлігін қамтамасыз ету саласындағы жаңа трендтерді, тәсілдер мен технологияларды қарастырды. Талқылау қорытындылары бойынша этносаралық келісім мен ұлт бірлігін дамытуға мемлекеттік қолдаудың басым бағыттары, тетіктері, құралдары мен шаралары жөнінде ұсыныстар тұжырымдалды, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы этносаралық қатынастарды дамыту бойынша ұсынымдар әзірленді. Конференция аясында елде этносаралық қатынастарды нығайтудың жаңа нысандары, соның ішінде жастармен ақпараттық-түсіндіру жұмысын геймификациялау арқылы, қарастырылды.  

   

Іс-шара аясында Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты мен «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы арасында ғылыми ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат бірлескен зерттеулерді дамыту, сараптамалық материалдар алмасу және жастар мен этносаяси тақырыптар бойынша бастамаларды іске асыруды көздейді.

 

Конференция қатысушылары кәсіби пікірталастың жоғары деңгейін атап өтіп, қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту мақсатында мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам институттарының, сарапшылық қауымдастықтың және этномәдени бірлестіктердің одан әрі өзара іс-қимылға дайын екендігін растады.

Айта кетейік, аталған іс-шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының ұйымдастыруымен гибрид форматында (офлайн және онлайн) өткізілді.

   

Редактор ИПЭИ

Жаңалықтар