Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты
толығырақ

Атырау қаласында этномедиаторларды даярлау мақсатында семинар-тренинг өтті

Атырау қаласында этномедиаторларды даярлау мақсатында семинар-тренинг өтті
2025 жылғы 23-27 маусым аралығында Атырау қаласында ҚР мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің тапсырысы бойынша Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының Этномедиация орталығы өңірлік және жергілікті деңгейдегі этномедиаторларды даярлау мақсатында семинар-тренингті өткізді.

Іс-шараның мақсаты жергілікті деңгейдегі этномедиаторларды дайындау және этносаралық шиеленісті жедел режимде анықтауға, уақтылы әрекет етуге және туындаған дауларды оқшаулауға қатысуға қабілетті далалық этномедиаторлар пулын қалыптастыру болып табылады.

Іс-шараға 30-ға жуық Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарынан ҚХА қоғамдық құрылымдарының (аналар кеңесі, ақсақалдар кеңесі, ЭМБ), «Қоғамдық келісім» КММ, атқарушы және құқық қорғау органдары өкілдері, ЖОО профессорлық-оқытушылық құрамы, медиаторлар және т.б. белсенді қатысты.

 
 
Редактор ИПЭИ

Жаңалықтар